Көңілі алай-дүлей, әлем-тапырық. ~ Қаяулыны аяу, дұрысы, аялай білу керек. Қолдан келгенше… Сондықтан көңіл-күйі ит тартқандай ырың-жырың болса да, редактор Елтайды жылы қабақпен қарсы алды. М.Қаб. ~ «Ой, бір кездері қазақтар төрт әйелге дейін алған, анау мынау» дейді. Алған. Бірақ бізге жеткен кітаптарда бәрі жазылмаған ғой. Ол кітаптарда әр бәйбішенің өзін жұртта қалған жыртық кебістей сезініп, іші ит тартқандай әлем-тапырақ болатынын кім сипаттасын… әжелеріміз сауатсыз болған ғой. БАҚ “Алаш айн.”
- Алым-жұлым, алба-жұлба түр. ~ Әне бір жерде қоқыс салатын жәшіктің жанында жап-жас екі жігіт жанжалдасып жатыр екен. Адам сияғы жоқ. Көздері көгеріп кеткен. Үсті-бастары ит тартқандай. Шамасы, маскүнемдікке салынған біреулер. Б.Бай.
