Posted in

ИТ ТАРТЫС

Көре алмаушылық, күндестік, күншілдік, айтыс-тартыс, дау-дамай. ~ Ойлары мен тілектері шалғай жиені мен нағашы апасы ананы-мынаны әңгіме етіп, ит тартыста отырғандарында екінді әлеті де болып қалды. І.Ес. ~ Қазір заман түзу, ел тыныш, бәрі де сыпыраның ішінде отыр: не ішем, не кием демейді, барақат өмір. Сөйтіп отырып бұл адамдар әншейін бақан тірес, ит тартыс ғұмыр кешіп жатқанын қайтерсің! Ә.Асқ.