Қанша жаман десек те, ол да адам ғой д.м. ~ Ит те болса, босағасын аттадым ғой, Құдай қосқан жарымын ғой, Ормановты мақтау үшін, бұл сорлыны соншама даттай қоюым қажет пе еді? Ә.Тар. ~ «Колхозшылардан қасыңызға кім отырады?» дегенде, «Ит те болса қырық жылдан бері бірге келе жатқан бригадым ғой, Қайыпмұнар отырсын» деген-ді. Қ.Түм. ~ Қасықтай қанымды қия гөр. Ит те болса, туысың емеспін бе, кішкентайыңнан мойыныма көтеріп жүріп өсіріп едім ғой”. Т.Сәу. ~ «Хайуан! Ит те болса немере қызын алды, енді жекжат. Аямай ма?.. Түндігі жабылып, ошағындағы оты біржола сөнсін дегені ме? М.Сүн. ~ Мейлі, ит те болса сол төртеуі ғой, Биахметтің арғы- бергі жол шығынын көтеріп жүрген. Шегебай бүйтіп басқа секіре берсе, бір күні… Қ.Жиен.
