Жер-жебіріне жетіп ұрысты. ~ Итекең есіктен кіре бере, ол ит терісін басына қаптады дерсің: — Күн ұзақ қаңғыған иттей қайда жүрсің осы сен? Д.Әш. ~ Сайлау қылып, сен шірік не жарытам дейсің. Сені жіберіп отырған кісі де бір ақымақ… – деп, əлде нелерді айтып, Тұмарбайдың басына ит терісін қаптады. Ж.Айм. ~ Артына қарамай шартық неме ырбаңдайды еще!.. Әр нәрсенің бағасын ескі ақшаның құнымен өлшейтін Шолпан ит терісін басына қаптап қуып шыққан. Қ.Ысқ. ~ Не өзі? Мен қырсықпын ба, бүгінгі күн қырсық па? Жұлдызым терісінен туды да тұрды. Қолтығынан демейін деп кассирдің қасына шауып барып ең, алғыс айтқанның орнына ит терінді басыңа қаптады. М.Қаб.
