Posted in

ИТ ТІРЛІК (ТІРШІЛІК)

Қорлықпен, мәнсіз күйбеңмен өтіп жатқан өмір. ~ Өмiр бойы қой соңында сүметiлiп өткен бiздiң күнiмiздi көрдiң ғой! Ит тiрлiгiмiз өзiмiзбен кетсiн. Қиналсаң да шыда. Т.Сәу. ~ Бірін бітірсең, ертең екіншісінің құлағы қылтияды, одан арғы күні үшіншісі… Жә, бұл кімдерден қалмаған ит тірлік?! Бір амалы табылар! Қ.Жиен. ~ Ит тірлікке қолды бір сілтеп, өнер қуып, ән-жырдың соңына түсуге – қарт әке-шеше қолбайлау. Ендігі сиқы мынау. Бай аулының басыбайлы құлы есепті – құны төлеулі етікшісі. Ү.Жәл. ~ Ит тiршiлiктi қуалаймыз деп жүрiп, мойын бұра алмаймыз. К.Сег. ~ Мұндай қақпақылға тірі жан көне қоя ма, әке- шешесінің ит тірліктеріне ыза болғаны соншалық, дауысын әдейі күшейтіп, жер тепкілеп бақырып жылайды. Қ.Жиен.