Posted in

ИТ ТҮРТКІ БОЛДЫ (ТҮРТКІГЕ ТҮСТІ)

Кім-көрінгеннің қорлығына ұшырады, күні қараң болды.
~ Бұрын ел ішінде кім көрінгенге ит түрткі болып жүрген
қор кісілер де астыққа бір шығып кеп ауызға ілікті. Ә.Нұрп. ~ Бұрынғы заманда мен секiлдi екi елi аузына төрт елi
қақпақ қоя алмайтындар кiм көрiнгенге ит түрткi боп, iшсе асқа, кисе киiмге жарымай жүрер едi. Б.Алд.