Қалың жыныс, ну қамыс. ~ Атты кісі ит тұмсығы батпай жарланып тұратын ну қамысты жалғыз аяқ жолмен жарып келе жатады. Т.Әбд. ~ Рас, мынау өңірдің бәрі елсіз мекен, ит тұмсығы батпас қалың орман. Ә.Асқ. ~ Адыра қалған аңы мен құсын айтпай-ақ қояйын, кешегі ит тұмсығы өтпейтін есіл тайганы қалпына келтіріп көрші?.. Солай!.. Қ.Ысқ. ~ Қалың биік таулардың арасында ит тұмсығы батпайтын жыныс қалың қарағайды аралап келіп, қызыл тастың тұмсығына ілінді. М.Әу.
