Posted in

ИТТЕЙ (ИТШЕ) ҚАПТЫ

Өршелене соқтықты, тиісті, балағаттады, намысына тиді. ~ «Иттің ішіне сары май жақпас» деп, әбден тойынған екенсің сен. Қатындығын істеп ең жанды жеріммен иттей қауып жатқанын қарашы, ей! Д.Әш. ~ Ал міне төңкеріске төнді қауіп, Сыртқы жау елге кірер жолды жауып. Қоршауда қалды жап-жас қала мына Ішкі жау іштен талап, иттей қауып. Ғ.Қай. ~ Бұл қазақ уәдеде қашан тұрды, Алдауменен күн өтіп құдай ұрды. Бірін-бірі құтырған итше қауып, Өңкей төбет шуылдап ұлып жүрді. Шәк. ~ Қанішерлер қаныңды ішкен тергеуде, Ойлап тауып неше түрін жазаның. Жұлқынғанда қопарардай іргені Жан айқайың тітіреткен түрмені. Жүрегіңді тілімдеген арсылдап, Жендеттердің иттей қауып үргені. Ж.Сом.