Posted in

ИТТЕЙ ҰЛЫДЫ

Іштей өксіді, зар жылады, шерін төкті. ~ Өй, ынжық! Ақжол тілеп алысқа аттанғалы тұрғанда, әкесі өлгендей өкіруін бұның! .. Қалай сені мына иен тауда иттей ұлытып жалғыз тастап кетем мен?! Д.Әш. ~ Көзден ұшып қос етек пен қос бұрым, Өз iшiмде өлiмсiреп өштi үнiм. Көшкен күндi көкжиекке ұзатып, Иттей ұлып отырамын кешқұрым. И.Сап. ~ Қарамай әйел-бала қырып кетті, Тірілер бұралқы иттей ұлып кетті. Қалғандарын қамшылап, қойша айдап, Түрікменстан, Ташауызға бұрып кетті. Ө.Нұрм.