Posted in

ИТТЕН (ДЕ) ЖАМАН

Ит құрлы жоқ. ~ «Жоқ!» деген сөз иттен жаман тақымдап, Миды жейді аш текедей бақылдап. Ө.Нұрғ. ~ Сұлтекеңнің мінезі иттен де жаман. Қамшысын оңды-солды үйіріп, иттерді одан әрмен өшіктіріп, азан-қазан шулатқан бойда есік алдына бір-ақ келіп тоқтады. Б.Соқ. ~ Қайғы-қасіреттің зары өткен шерлі ана мұңын айтып күңіренеді: Ит өмірде итшімін. Итпен бірге үйшігім. Иттің де бар иесі, Иттен де жаман біздің күн. ҚЕ. ~ Менің қолымда сенімді де қауіпсіз әдісім бар. Егер сен өзіңмен ит рәуішті — жоқ иттен де жаман, өйткені, кейде оны еркелететіні бар — қарым-қатынас жасайтын адамнан кек алғың келсе, маған кел. Ч.Дикк.