Posted in

ИТТЕН ІЛГЕРІ, КІСІДЕН (АДАМНАН) КЕЙІН

Жағдайы тым нашар д.м. ~ Бұл үшеуінің ризалығын іздемеген, ойламаған болсаң, бұ жалғанның жүзінде атар таң, шығар күн, жарық сәуле көремін деп ойлама. Иттен ілгері, кісіден кейін болып, жалған дүниенің жүзінде жүргеніңнен өлгенің артық. БС. “Жыл мезгілдері…” . ~ Естігені құлағына оғаш, жат сияқты ауыр күйге шомды. Иттен ілгері, кісіден кейін күн туғалы шал ойбайламай тыныш өлейін деп тіл-жағын аяп, мүлде сөйлеспеуге айналған еді. Айг. Кем. ~ Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын алайын». ҚЕ. “Хан мен Қызыр”