Posted in

ИТТІГІН ЖАСАДЫ (ІСТЕДІ, КӨРСЕТТІ)

Қасақана қиянат жасады. ~ Табанға от, арқама шоқ басқаны да рас. Уау, алдияр! Аға деп, адалдық тілеп әрекетін бақсақ, бала деп менсінбей арам қарекетін көрсететіндер күн сайын көбейіп, көптігін жасайды. Қысасын азсынғандай қайта айналып келіп, иттігін жасайды. С.См. ~ Досай бұл жолы да осы иттігін Ыдырысқа істеді. Шалматайдың «жақын кісім» еді дегеніне бұрынғыдан ширықпаса иліккен жоқ. І.Жанс. ~ Жер болдым-ау деп айыл жияр Қосекең жоқ бірақ, бар болғаны – анау өзінің иттігін көрсетті, менің нем кетті дейтіндей. Т.Сәу.