Posted in

ИТШЕ ЕРКЕЛЕДІ

Жағынды, жарамсақтанды. ~ Қазақтар оны «ит балық» деп бекерге атамаған. Оның бітімінде итке кеп ұқсастығы былай тұрсын, мінезі де ит сияқты. Үйренген кісіден қалмайды. Итше еркелей де біледі. С.Мұқ. ~ Домаланған сары жігіт қанден итше еркелеп, Итқұлының үзеңгісін ұстай тұрды. Б.Май. ~ Ол адам күн шығар кезде итше еркелеп шығып кететін. Бұл жайды білмей жатып, неменеге күмәнданасыңдар?!. Т.Жұр.