“Түсінбедім” не “білмедім” дегенді білдіретін ишарат. ~ Тәрбиеші таң-тамаша болып, иығын бір қомдады да, қазбалап сұрай бастады. Істің мән-жайы сонан соң айқындалды. Б.Соқ. ~ Апыр-ай, ендi, төрем жатып қалған жоқ па екен?! Ренжи ме дегенiм ғой. Шаруаңыз тек төренiң өзiнде ме едi? Әйтпесе маған да айта берiңiз, – деп, бетi-жүзi анық көрiнбесе де тұрымтай тұлғалы шағын жiгiт иығын нығыздана қомдап қойды. К.Сег. ~ Серігі ештеңеге түсінбеген қалпы иығын бір қомдады да, соңынан еріп жүре берді. Үйге келіп Дәулеткерей қолына домбырасын алды да, жаңа күйді шерте жөнелді. ҚАӘ. ~ «Қайдағы ұрған, балам-ау? Сендер тіпті кездескен емессіңдер! Екеуің сен мектеп бітіретін жылы танысқан жоқсыңдар ма? «Оны неге сұрадың?» Айбар «білмедім» дегендей күрсініп, иығын қомдады. К.Әлп.
