Posted in

ИЫҒЫН ҚОМПАҢ ЕТКІЗДІ

Білмейтінін ишаратпен көрсетіп, екі иығын көтерді. ~ Жүк поезымен жүргені үшін соттайтын указ бар, сендер оны білесіңдер ме? Біз иығымызды қомпаң еткіздік, білмейтінімізді айттық. Б.Соқ. ~ Қазақта екінің бірі өлең жазатыны рас па? — Рас. — Егер соның бәрі басыла берсе, не болар еді? Мен иығымды қомпаң еткіземін. Не болатынын қайдан білейін? Б.Соқ.