Бірі біріне демеу болды, бірлесе әрекет істеді. ~ Бір- біріне иық сүйесе, маңдайшасынан бөрене ағаштың ұшы андағайлаған, сұп- сұр, бәкене, төбесі тайпақ қақыраларда кімдердің тұратынын, не ойлап, нені арман тұтатынына дейін бір ол білетін. М.Сүн. ~ Жыланның басы қалай тартса құйрығы солай сүйретіледі емес пе? Бәлкім екі алыптың қызылдары қол ұстасып, иық сүйесе бастаған шығар? Т.Рыск. ~ – Ал, кәне, төр алдында Ақ патша мен Еженханның елшілері иық сүйесіп қатар отыр екенсіңдер. Қайсыларың үлкен едіңдер? Малға бата қылыңдар! — деді қажының өзі алдымен қол жайып. Қ.Жұм.
