Posted in

ЕЛЕҢ АЛДЫ

Секем алды, алаң болды. ~ Бүгін біз осы жерде біраз жұмыс істеп, ертең сол сіздің кеңеске барамыз. Ана ауыл кеңес бастығы алып барған қағазыңнан елең алып, атқамінерлерді жолаушылатып жүрмесін. Ол жағына сақ бол, — деп қадағалай сөйледі. С.Бег. ~ Жайшылықта мұндайды көргенде жалшылардың жер-жебіріне жететін Тұрлықұл Қасеннің бұл жауабын елең алады. С.Көб.