Көңілі алаңдап, құлағын түрді, әлденеге емексіді. ~ Ол “болдым-ақ” дей берер, Бұлғақ қағып басқанға. Елең қағып елбірер, Елертіп кезді аспанға. Жайы мәлім шошқаның, Түрткенінен жасқанба. Абай. * Әлдекім мына тарам-тарам коридордың бірінен атып шығып, айқай салатын секілді, елең қағады. Ж.Нәж. * Кити Вареньканың қолынан ұстаған күйі, одан: «Осындай сабырлылық беріп тұрған, сол ең маңызды нәрсе не екен, не болды екен? Білесіз ғой, айтсаңызшы?» — деп елең қағып, көз қарасы арқылы жалына сұрап тұр. Л.Тол.
