Posted in

ЕЛЕҢ ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ

Елемеді, мән бермеді, менсінбеді, місе тұпады. Көңіл бөлмеді, ескермеді, естімегендей болды, мән берген жоқ, елемеді, менсінбеді. ~ Көке майданда кескен шөркедей құлап түсті. Шөке Бөкенің қылышын елең құрлы көрмей жығылып түскен Көкені құшақтай алды. Б.Жұм. ~ Аю айқасуға батылдары жетпеген жауларын елең құрлы көрмей жайрап жатқан жемтікті зерттеуге кіріскен. К.Сег. ~ Таудың салқынын елең құрлы көрген жоқ, көйлекшең қалпында тәлтіректей басып қора жаққа беттеді. О.Бөк. * Аю айқасуға батылдары жетпеген жауларын елең құрлы көрмей жайрап жатқан жемтікті зерттеуге кіріскен. К.Сег. * Оу, жүкті сиырдай кимелеп сен қайда барасың? Сенің орның ана босаға жақта. Жанұзақ оның сөзін елең құрлы да көрген жоқ. Жұмаш пен Баймырзаның арасында сынадай қыстырылып, отырып алды. Қ.Жұм. ~ Аю айқасуға батылдары жетпеген жауларын елең құрлы көрмей жайрап жатқан жемтікті зерттеуге кіріскен. К.Сег.