Елпеңдеп, құрдай жорғалады. ~ Батекең бағзы хикаясын бастарда өстіп көне жердің бір биігін куәға тартады дегенді естігенім бар, не де болса сонысын айтқызып, тыңдап алғым кеп, бас изегенім аздай, «Иә, көрдім, танимын» деп елп еттім. Ж.Нәж. ~ Мұнар сағымды ми далада ерні кезеріп, бір жұтым суға зарығып, жете алмай келе жатқан адам мөлдір бұлаққа тап келсе қайтер еді; Зейнеп жаны елп етіп, мейірі бір қанғандай қатты қуанды. М.Сүн. ~ — Жәміш, астың тұздығы аз болды-ау, ә?..— деп еді Зейнеп, қонақ келіншек елп ете түсті. Оны өзі де байқамады. М.Сүн.
