Аса қат нәрсе туралы; еш жерде жоқ; қолға түспейді; іздесең таппайсың. ~ Сол кезде емге табылмайтын бес жұлдызды коньяк, коробкалы шоколад, печеньелер әкеп қойды дастарқанға. Ғ.Мұст. ~ Ал енді бүгінде неміс дегеніңіз емге табылмайды, орыс бауырлар да некен-нұқан. М.Байғ. ~ Кешегі ауылды жерде емге табылмайтын, естігені болмаса, ұстап көрмеген классиктер томы тізіліп тұр. Д.Дос.
