Сәбиді емізуді қойып, жәй тамаққа дағдыландырды. * Баланы қалай асыраймын дейтін емес, омырауынан сүт саулап тұрған жас әйел бір жастан асып қалған Сүйежанды емшектен шығарды да, оның орнына Демежанды емізе берді… Қ.Жұм. * Сен ол кезде екі жастағы былдырлаған сәби едің. Апаң сені емшектен шығарамын деп, біраз күнге біздің үйге әкеп тастаған. С.Мұр. * Бәрібір емшектен шығарып жіберіпсің, бізге тастап кет, баурымызға басып алайық» деп еді, қызы түскір мұндай балажан болар ма, күмілжіп төмен қараған соң, ары қарай қыстамаған. Т.Сәу.
