Posted in

ЕН ТАҚТЫ

Көз салды; белгілеп қойды; назары түсті. ~ Өй, сен де бір… үш тотыға ен тағып қайтейін деп ең,— деп Шәкей Ақанды тұйықтан шығарғысы келіп еді … С.Жүн. * Сонда кім екен ен таққаны? – Өзіміздің қарындасымыз, Ақтамақ. Н.Дәут. ~ Сәке- ау, обком біреуіне, облисполком біреуіне ен тапқпаушы ма еді? – Дидарғайып жерлестігін көрсетіп, өзімсіне сөйледі. Қ.Түм. * Бұл қылығына ен таға алмаған Сәбира «Мас қой, мас. Әйтпесе үлкен кiсi бұлай iстей ме!» деп өзiн алдарқатуға тырысты. Т.Сәу.