Бітік, қалың өскен тоғайлы жер, ну орман. ~ Көз алдыңа дарқан өмір келеді. Керіліп жатқан жалпақ судың бейнесі мұнартады. Қос өңірі ен тоғай, шалғынды қырат, ну орман. Х.Ес. ~ Еділдің бойы ен тоғай екені де рас. Еділ Каспийге құяр шамада шартарапқа шашырап, тарам– тарам болып, Каспий — жүрек, Еділ — күретамыр сияқты болып кетеді екен. Ш.Мұр. ~ Бір кезде қазақ даласын қанқасап қылған көкжалың қазір Еділ бойының ен тоғайында қасқырдай сүмең қағып жүрсе керек. Ә.КЕк. ~ Филиппин аралдарының қалың жынысты, ну орманды және таулы бір өңірінен осыдан неше мың жыл бұрынғыдай, яғни айтсақ, тас дәуіріндегідей өмір сүріп жатқан шағын ғана тайпа табылыпты. М.Бай.
