Еңбегі ақталмады, маңдай тері босқа кетті. ~ Тарихи дерек солай дейді, Қаржаубай Сартқожаұлы мырза. Ендеше, сіз МХР халқы үшін еңбегіңіз еш, тұзыңыз сор болып бекер арам терге малшынып жүрсіз. Өзіңіз айтқандай «тарихшы-ғалым» бола тұрып, осынау ұлы тарихнаманы толық бір қайтара оқып шықпағаныңыз әрі өкінішті, әрі ұят қылық. Т. Әбенай. * Бірде: «Қағазға түспеген көп ойларым өзіммен бірге кетер ме екен, деп іштей қобалжушы едім…», – деп, енді бірде: «Еңбегі еш, тұзы сор, қазақтың далада қалған шалы едім», деп ара-арасында маған алғыс айтып қоюды да ұмытпайды. Қ.Бегм. Қалай тырбынсам да неге менің еңбегім еш, тұзым сор? Әлде бәріміз де ұры, бәріміз де азғын болуымыз керек пе?..! Т.Сәук. ~ Өзін бір түрлі аяп кетті. Неткен еңбегі еш, тұзы сор адам еді?! Біреуге жасаған жақсылығың тек жамандық болып қайтатыны несі? Қ.Жұм. * Бұдан он екі жыл бұрын жалаң аяқ қар кешіп, қызыл аяқ қар кешіп, еңбегі еш, тұзы сор болған
қойшы бала – міне, ғылым асқарына шығып, көпке тәлім беріп тұр. С.Ом. * Неге олай дейсіз, әке? Басым бостан, қара шай, қара нан болса да ризығым бар, қалайша мен құл боламын? – Еңбегің еш, тұзың сор болса, құл емей кімсің? Т.Сәу.
