Posted in

ЕҢБЕГІ ЖАНДЫ

Теккен төрінің сауабын көрді; еңбегі ақталды. ~ Есекең кетік тістерін көрсете мәз болып отыр. Еңбегі жанған, қуанған қалыпта. Осы екі жүз үйлі ауылдағы құрылыстың қайсысына болсын қолы тиіпті. З.Ғ.Им. ~ Осы соңғы ай емтиханнан қолы босамай, ақыры еңбегі жанып, әйтеуір оқуға түскенін, қазір дәрігерлік институттың студенті екенін ол мақтанғандай болмайыншы деп қысыла, қымтырыла білдірді. М.Сүн. ~ Сонан соң-ақ еңбегіміз жанып, көзіміз ашылып, тұрмыс-халіміз біртіндеп оңала бастады. Қ.Асанов.