Көңілге қаяу салып, мұң ұялатты, ауыр ойға салды, көңіл жабырқатты, пәсін басты. * – Ермектің көңілі шарықтап келеді. Еш еңбек еңсені басса, жанған еңбек жайнатпай ма жанды. Ғ.Мұст. * Папа, шаршадыңыз ба?- деді Бағила әлден соң еңсені басқан ауыр үнсіздікке төзе алмай. Д.Ис. * Осындай қызыл іңір бейуағында жетім-жесір көңілдерді аяусыз езгілеп, еңсені басатын қатыгез, қараңғы тыныштық. О.Сәрс. * Ауыл үсті жым-жырт, көшкен елдің есіз жұрты сияқты еңсені басқан тымырсық тыныштық. С.Жүн. * Еңсені басқан зіл тыныштық бұйықтырып, ұйқы шақырады. С.Ел. * Бірде сірке жаңбыры сілбідей салбырап, бірде сырғақ қары жылбырап, асфальтін қоймалжың, үйлерін ала – шабдар қып қағынып тұратын Мәскеудің қара күзі албастыдай еңсеңді басады да тұрады. Т.Әлім.
