Posted in

ЕҢСЕСІ БИІК

Көңілі түсіп, қамықты, ауыр ойға батты. * Мал, адам сапырылысқан қарбалас кезі. Шеге соның біріне көңіл бөлмей ойланады. Ойланған сайын еңсесі ауырлай түседі. С.Елу.Алыстан көзге түсетін, басқалардан жоғары ғимарат туралы. ~ Әр жылдың өз алдына бір салтанаты болады. Бір кезде киіз үйді сәндеп едік. Там үйді дәріптеген де кезіміз болған. Ал, енді еңсесі биік шатырлы қарағай үй салу салтқа кірді. С.Шай. * Сейдін ауданының орталығындағы еңсесі биік, төбесі күмбез үй бұрынғы мешіт еді. Бұл күнде клуб. Т.Әл.

  1. Өр кеуделік, өзін жоғары ұстау туралы. * Ал қасқыр болу үшін онда да арлан көкжалы болу үшін қай кезде де бай болуға ұмтылған. Еңсесі биік кеудесі шалқақ, айбыны асқақтың байлығы ғана құдіретті еткен. С.См. ~ Сейілбек әңгіме арнасынан әдейі тайқып шығып, Қорғалжынның шүйгін өңірін, еңсесі биік бақытты елін мақтады. С.Ом. ~ Аруақты рух өлмейді. Рухы биік ұлттың еңсесі биік. Ақбас бүркіт–аруақ өлген күні қазақтың жерінен құт–береке кетеді. Азаматы азады. Елі тозады. С.Дос.