Posted in

ЕҢСЕСІ ТҮСТІ

Көңіл-күйі пәс тартты, жігері қайтты, уайымға салынды.
~ Үйге кірсе, еңсесі түсіп, ауа жетпейтіндей, кеудесі тарыла береді. О.Сәрс. ~ Шынар сырқат адамдай қабағы қатып кетті. Күліп, жайраңдап жүретін еді, лезде еңсесі түсті. Шешесі біздікіне күнде келеді. Н.Сер. ~ Апта бойы біресе көкке самғап, біресе құрдымға құлап жүрген Любомир Зух соңғы екі күн ішінде еңсесі түсіп, жабығып қалды. М.Кәрім.