Көңілін қапа қылды, күйзеліске салды, ұнжырғасын түсірді.ы. ~ Басы зіл тартып, еңсесін езген бір ауырлықты серпіп тастап, өзіне- өзі әзілдегісі келді. Қ.Түм. ~ Оның етегінен тартып, еңсесін езген екі ауыр қайғы болатын: біріншісі – ата мирас жау қолынан өлмегені… Н.Дәу. ~ Тұрсынның бетін қайтару, сағын сындыру – қоян шалғанмен бірдей, ал осынау қалың малдың, ағайындарының, үй-орамының ертеңі не болады – оның шекесін шағып, еңсесін езе беретін жай осы. Б.Тоғ. ~ Зілмауыр ойлар еңсесін езген Едіге Қаранардың үстінде отырып жан-жағына қарады. Айнала мылқау дала. Ш.Айт. ~ Тынысы кең сайын дала мен ауасынан саумал аңқыған қайран жайлау көзден бұл-бұл ұшып, табиғатына туыс кәсібі малшылықтан да қол үзіп, жарға қамалғандай күй кешіп жүргенде мына жағдай еңсесін езіп-ақ жіберді. З.Төл.
