Ширады, қайраттанды. * Бас дәрігер әлгіндей жасықтық білдіргенінен кәдімгідей қысылып, Қуан ойламаған мінез танытып еңсесін жиып, серпіле орнынан ширақ тұрып кетті. М.Сүн. * Сәл- пәл тоят тапқансын ғана еңсесін жиған да төңірегіне ұрлана көз жүгірткен; жанары қазандық тұсындағы тесіктен сығалап тұрған қарияны шалды, о да, бұ да өз қылықтарынан әбестік тауып, жүздерін тайдырып жіберді. М.Сүн. ~ Осы мезет есік сарт ашылып, Әсемай кейуана еніп келе жатты. Әке мен бала еңсесін жинап алды. Д.Досж.
