Posted in

ЕР-ТОҚЫМЫН БАУЫРЫНА АЛЫП ТУЛАДЫ

Бір нәрсеге қатты ашулану, екіленіп, бұрқылдап ұрысу, көпке шейін сабасына түспей, айбат шегу. *Арада аз күн өтіп,арт жаққа кеткен шолғыншылар суық хабар әкелді. Ма Буфаң «Хан Жиңбау өлді» дегенді естігенде, ер-тоқымын бауырына алып қатты тулапты. Ж.Шәк. * «Құдай-ау, былай істеуге болмайды ғой, – деп ер-тоқымын бауырына алып, таң атқанша тулаған. – Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояғандары неткені. О.Бөк. * “Бостандыққа шығаралық, енді қайда кетер?- дейсің, келген кезде ер-тоқымын бауырына алып тулағандай ел-жұрты, от-суы есінде қалды дейсің бе, ұмытылған болар, қанша дегенмен айуан ғой, ол түгіл адам да басына түскен тағдырына көніп, басын имей
ме? А.Өтег. *… әкесі Керімбай: «Сен енді Құрекеннің кіші қызын алатын болдың» деп хабарлағанда, бұл ер- тоқымын баурына алып, көпке дейін көнбей тулағаны есінде. Қ.Жұм.