Posted in

ЕР ЖІГІТ

Мінез-құлқы, қажыр-қайсары жетілген, ел аузындағы азамат. * Ескі ауылда – «ер жігіт», «еті тірі жігіт» дегендер болатын. «Ер жігіт»– мінер ат, ішер ас, киер киімін кем ұстамайтын; дәулеті мол болсын, шағын болсын, көңілі көтеріңкі жүретін, беруге де, алуға да шыдайтын, айтқан сөзіне тұтымды, қайғыға қайсар, жүрген жері думан болатын. С.Мұқ. ~ Серілікті, ерлікті, думанды сүйген Майра жаны сері ер жігітті шын сүйеді, оның кедей екенін көре тұрып келгенін өлеңмен айтып, өсекшілерге, қалтасын бұлдаған бай балаларына өлеңмен жауап береді… С.Бег. ~ Иә, қарт айтса айтқандай, бала тәрбиелеуді біледі екен. Мына қаршадай немересінің тістенуін қарашы, нағыз ер жігіт боп өсетін түрі бар. Ә.Әл.