Posted in

ЕРҒАШТЫ (ЕРҚАШТЫ) БОЛДЫ

Әбден қажыды, мезі, ығыр, запы болды. ~ Ойлап отырса,қалмақтар мен Ошыржап қана ерғашты болып шаршамапты. Бұлар уақыттың, тарихтың өзiн шаршатып алғандай. К.Сег. ~ Негізі бізде жаңа министр келсе болды, ерғашты болған қой торыдай қайқаң ете қалатын екі сала бар, бірі медицина, екіншісі білім. БАҚ. ~ Тіпті сұраса да Махмұттың әңгіме айтар реті жоқ-тын, дәуілдекті суқаны сүймей, мына отырыстан ерқашты болайын деген. О.Бөк. ~ … атыс-шабыс дегеннен ел басшысы, ер-азамат дегендеріңіз
әбден ерқашты зәрезап болып титықтады … Д.Дос.