Posted in

ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАС

Біреуге (бірдеңеге) деген пейілі, көңілі, іждаһаты айрықша мол болуы туралы. * Ақ капрон жіптің өрнектеп байлануы мен дүкеннен жаңа шыққан ақ матаның мұнтаздай тазалығынан, оның мұқият оралғанынан ол белгісіз суретшінің ерекше ілтипатын, ерекше ықыласын байқап қалды. Д.Ис. ~ Бірақ бар жылқының ішінде маған Бердімбетторы ыстық көрінеді. Менің жеке меншігім емес, бұл да колхоздікі. Әйтсе де мұны ерекше ықыласпен мәпелегім келіп тұрады. С.Мұр. ~ Ши– амбының өзіне деген ерекше ықыласын, биылғы мереке қарсаңындағы шадыман шағын пайдаланып, Абдыра мен Қараүнгір өзендерінен тартылатын екі тоған суға қағаз жасатып, оны Іле жаң– жұңына бекіттіріп алды. Қ.Жұм.