Posted in

ЕРЕН ЖҮЙРІК

Құстай ұшқан ерекше жүйрік. ~ Ер жетім – ақылсыздан әйел алса, Отырып от басында тақымдаса. Aт жетім – ерен жүйрік шабылмаса, Бойынан ащы тері алынбаса. Ақан с. ~ Бұрылып ат қораның алдында байланған сәйгүліктерге қарады. Шам ерен жүйрік, есті жануар ғой, шылбырын жұлқа тартып, тыпыршып тұр… А.См. ~ Бес жүз аттың әрқайсысы өз елінде жүлде алып жүрген ерен жүйріктер. С.Жүн.