Posted in

ЕРІН БАУЫРЫНА АЛЫП ТУЛАДЫ

Долдана ашуланды, шатақ шығарды; шала бүлінді. * «Сыра неге ішесің? Алқаш боласың ғой», — дейді Кәбирам. «Ой, кетші өзің! Алқашы несі? Аузыңа жақсы сөз түспейді екен, — деп Сәбила ерін бауырына алып тулап жүр…» М.Қаб. * Ата балаға сыншы, мен білсем Ақан онша кет әрі емес, құлағына құя бер, қайда барар дейсің. Баяғыда да ерін бауырына алып тулап-тулап ақыры көнген,— деп Қорамса Жаңылға ескерткен еді. С.Жүн. * … арақ ішсе көтеріліп кететін, пышақ кезеп, біреудің тұмсығын кесіп ала жаздаған есіріктің бейнесі қосылғанда, ерін баурына алып туласа керек. Т.Сәу.