Posted in

ЕРКІН АЛДЫ

Бойын билетті, ұйытты; еркінен айырды. * Сөзіне, мінезіне тұтқын болып, Мария әбден түсті ыңғайына. Екеуі еркін алып бір оңаша үй, Марияға үйретеді нотадан күй. Шәк. * Қандай бір нәпсі желігі жас қанын дуылдата тасытып, еркін алса да, бауырына басқан баласына еміренген мейіріммен өзіне өзі тыйым салушы еді. С.См. * Ендеше, күй мен күй иесі қалай ажырайды? – деп ойнақшыған қыз қылығы Тынышбайдың еркін алып еді. С.См.