Posted in

ЕРКІН ДҮНИЕ

Жарық әлем, кең дүние, азат тіршілік. * Ал, Балық-әйел көз жасын көл етіп: мені қайтадан теңізге апарып, еркін дүниеге қоя бер, деп жалынады. Ш.Айт. * Енді, міне, хан бейдама бол деп отыр, рас болса сүйгеніне қосылып, хан қасында отырмай-ақ, еркін дүниеде жарымен қол ұстасып сайран салып жүрмес пе! Б.Қыд. * Ескіліктің тамырын Балтамен кеспекпіз! Еркін дүниеде ен жүзіп, Ерікті боп өспекпіз. Б.Майл.