Өкініштен іші күйді, қапа болды, санын соқты. ~ Әбден қонақ-үйге келіп, әдемі бөлмеге орналасқан соң «бұл мені құдайдай жарылқаған кім болды екен?» деп ойлайды да, санын бір-ақ соғып, ернін тістеп қалады. Б.Қыд. * «Бой жеткен қызды шалғай жерге жолаушы жіберген өзім де оңбаймын», – деп ернін тістеді. Б.Тоғ. ~ Іші қазандай қайнап, өкініштен ернін тістеледі — ақыры машинка басады екен, тым болмаса Бриджит Бардо, Ален Делон, Мэрилин Монро, мына Элвис Пресли ойнайтын фильмдер көрсетілетін Кино үйіне не қып орналаспаған? М.Қаб.
