Posted in

ЕС БІЛГЕЛІ (БІЛГЕННЕН БЕРМЕН, БІЛГЕННЕН БЕРІ)

Ақыл толғалы, есейгелі д.м. * Ес білгелі арманым — мұғалима боп, бала оқыту. Оқи алмасам, соны қиялдап, бәрібір,
бақытсыз өтетін шығармын. Б.Нұрж. * Өзім ес білгелі күздің мұндай ерте түскенін, мұндай әлемет суық болғанын көрген
емеспін. С.Ом. * Ес білгелі одан басқа жылы қабақ танытып елжірегенін көрген емеспін. Т.Сәу. * …білмеймін, мүмкін,
қымыз қыздырып, көзім бұлдырап отыр ма, әлде ес білгеннен бермен ойша қиялымнан, әсіресе алдағы күндерімнен
толассыз іздейтін, бірақ ол не – адам ба, періште ме,– өзім де сезініп білмейтін жұмбақты бейне … О.Бөк. * Әкемнің
иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдымнан күн- күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі
сықылды… О.Бөк. ~ Әйтеуір, мен ес білгеннен бері қарай күндіз-түні (көбіне түнде) қаламын бір алып, бір қойып отырғанын
ғана білем, бір өзгерісі жоқ бір кітабы жоқ әлі. М.Мақ.