Posted in

ЕС БІЛДІ

Ақылы кірді, оң-солын айыра бастады. * Ал ақылдан мақрұм қалған Дүйсеннің қолына түскен бала не оңады? Қашан ес біліп, мектепке барып жөнделіп кеткенше алаңғасар, шолжың болып қалмай ма? С.Ом. * Бірләннің екі қызының екеуі де өзінен айнымаған әдемі биязы мінезді еді. Әсіресе, ес біліп қалған үлкен Бибіш шешесін өте жақсы көретін. І.Ес. ~ Бала, өзінің зерделігіне байланысты, үш жастан бес жасқа дейінгі аралықта, бір күні, бір сәтте, кенет ес білмек, сол күні, сол сәтте көргені мәңгі– бақи есінде қалмақ, сол іспетті Жәділ де кенет ес білді, кенет ес жиып алды. Ә.Тар.