Posted in

ЕС БІЛМЕЙДІ

Тым жас, сәби. ~ Менің жасым үлкен, оның үстіне қыз бала ертерек есейеді ғой, әлі кішкене болсам да көңіліме кекселік кіріп, ес білмеген Жұмашқа әбден қамқор болып алғанмын, оған анамның орным жоқтатпауға тырысатынмын. Т.Ахт. ~ Қос інім жүр, Әзірге ес білмейді, Қиындықта ес білмей өссін мейлі. “Кебенек киіп кеткен” әкемізден, Өлдіден басқа хабар естілмейді. М.Мақ. ~ Қатты үрлесең құлап қалардай қалтақтаған шиаяқ, шартық қарын, қауғабас сәби ес білмесе де, көрген бойда әлдебір түйсікпен бұған жаудырай қарайды. Берген тәттісіне алданбай қолын жая ұмтылады. Т.Сәу.