Шарапаты тиді, көмегі, пайдасы болды. ~ Ағынтай малдарды айдап келе жатқан болар, Тазабек екеуміз алдынан шыға берейік. — Мейлің, айналайын. Балам, қасыңа Биағаңның Кенжеғарасын қосып алсаңшы, мал қайырысуға ес қатады ғой. Б.Нұрж. ~ Алпысты алқымдап қалған сұңғыла қарт, көкірегін қорқаудай кеулеген қайғы– қасіретін әрдайым ақылға жеңдіретін. Отауын бөліп қойған ұлы Жарбол мен қолындағы ес қатып тұрған Жолдыбай қан майданда жүр. Т.Рыск. ~ Бұлар аман қалды. Тәңірі рахым айлады ма, әлде қақшаңдаған кемпірдің ем-домы ес қатты ма, кемді уақыттан кейін жас келіншек те тікеннен арылып шықты. Ғ.Біл. ~ Екеуіңіз «Қырғыз-қазақ ұйышмасының «бастығы» — Мұхабайды айналдырып көрсеңіздер қалай болар екен? Егер ол тезірек қолға түссе, ең бір арқа тіреп, ес қатар күшің сол болар еді! — деген. Ж.Ахм. * Ал, Бастакең қарт құдай алдына кеткелі әл үстінде жатып, ел-жұртының үрім-бұтағының болашағына ес қатар ақыл айтып, жөн көрсетіп кеткісі келіп жан азабына түседі. Ғ.Біл.
