Posted in

ЕС ТҰТТЫ

Сүйеніш көрді, пана іздеді. ~ Кеше де Айғанша төсек тартып қалған екен, Қатираның қарасын көргенде кәдімгідей ес тұтты. С.См. ~ Қайтушы ек, тауға қарай тырқыратып қуып тастайық. Пана, ес тұтып келген екен… Жыланның да басына ақ құйып жібереді. М.Қаб. ~ Мынау шығандап кеткен нағыз қашағанның өзі. Қуғанға жеткізбей иен түзге лағып барған да, жалғыз қалған соң өзіне зәбірі жоқ құландарды ес тұтып жүргені ғой жануардың. М.Алм.