Posted in

ЕСЕ БЕРМЕС

Үстемдік көрсетіп, еңбегін жейтін, теңдік бермейтін адам туралы. * Жұрт жайын ойлап жабырқау тартқан жастарға Базаралы: – Жігіт болсаң, жігерің болса, мынау шұбырған елге пана болыңдар. Малың аманда, жаның сақта… Әншейін-де есе бермесе ең болмаса осындай қысылған күнде артығынан үлессін… Жерінен жайылыс берсін. Қыстау қорығынан пана берсін көпке! Үлеске салсын жиған қорын. М.Әу. * Қырық жамбыға сатып алған малымның өсімімен-ақ тындым қылдым, – дейді екен. Шоқай – сол есе бермес Елеместің ұлы. Ғ.Біл.

  1. Біреудің қорлығына көнбейтін, намысқой адам. * Бурабай — кәдуелгі Бурабай болса, Әкім де есе бермес, ер көңіл жігіттің өзі. Ж.Ахм.