Шаруасы бүтін, ұпайы түгел. * Кісі жүзін жыртпайтын Әліби мен момын шаруа Пірмән, Шірмәнда соңырағы күні шаршы топқа түсетін шама жоқ. Ә.Нұрп. * Ал сарт есебі түгел болса, колхоз, совхоздардың игі – жақсыларымен жең ұшынан жалғасып қайтқаны да. Қ.Ысқ. * Рәзия да қалаға кетті. «Демалыс күні түс ауа келем, амандық болса. Шөбіңді бітіріп, етіңді асып, дайын отыр». Өз есебі түгел Көкенай оны ұғып жатқан жоқ… C.Сағ. * Қашанда Дәулет пен Шоңмұрынның есебі түгел: бірі би, бірі болыс. Дәулеттің қолында қамшы, сілтейтін Шоңмұрын. Ал сен артыңды тоса бер! Қ.Ысқ.
