Posted in

ЕСЕБІНЕН ЖАҢЫЛМАДЫ

Қателеспепті, ойлағаны тура шықты, болжамы дәл болған екен д.м. * Шаралы көзі жаутаңдап, әлде бір үрей күткендей шот қаққан қолы адаса берген соң есебінен жаңылмасын деп келімді-кетімді жұрттың көлеңкесіне ығыстық. Қ.Ысқ. * Бірақ Жанұзақ сырғақтап, шынын айта қоймады. Қызу болса да түпкі есебінен жаңылар емес. Қ.Жұм. * Осы бір ауыз сөзбен ой-мақсатын жеткізіп, әрі көңілдегі бар түйткілді сейілтпек болған Құнанбай мырза есебінен жаңылмапты. Т.Жұрт.