Босқа елеңдеткен болымсыз үміт, ақталмас алдамшы сенім. ~ Әйелдің перісі Күлжәмила ма деуші еді, оны да қайғы діңкелеткен екен. Қайтсін, соңғы далбасасы ғой. Келе ме деген есек дәме үмітпен ең ақырғы алданышы бөрте серкені де сойды. Ай, жаратушы-ай, әділеттігің жоқ-ау… К.Қаз. ~ Дүниеде өзге әйел құрып қалғандай, Қаратайдың есек дәме көңілі менің Миллат мамама ауатын тәрізді. Б.Соқ. ~ «Балықшы балықшыны алыстан көреді» демекші, қалтамдағы басы қылтиып шығып тұрған бөтелкені көріп, бұ сорлы да есек дәме болған екен. Т.Берд. ~ Облыстық деңгейдегі ірі қызметке жоғарылаған соң да, біраз уақыт осындай әрі- сәрі есек дәме күйде жүріңкіреп қалды. Ө.Ахмет. ~ — Қырман басында қиқалаңдап жүретін есек дәме еркектердің біреуі шығар дегем де қойғам. Албастыдай арсалаңдап үйге келеді деп кім ойлаған. К.Қаз.
