Posted in

ЕСЕКТІҢ МИЫН ЖЕДІ

Жындылығы бар, ақылынан айрылды, есі дұрыс емес д.м. * Екі- үш күннен соң Үбиан Аюбайға бармаймын деп қиғылық салып еді, бұл жолы әкем айбаттанып кетті: — Екінші рет бата бұзып, есектің миын жеді деймісің мені. Б.Мом. * Шіркін-ай, ә… Сонда бұрынғылар есектің миын жеген де, арлымыз да, ақылдымыз да шот қаққан шадыр ұл дейміз бе?! О.Сәрс. * Сенің қалтаң тесілген сайын, менің жүз мыңдарым еселей түседі. Оу, сөйткен сенен мен өлерде айрылып, есектің миын жеді ғой деп пе едің. С.Смат. * Қаптағайлап қазақты жапырып өткен қалың жау ертең өздерін де тапап өтетінін білмей башқұрт, түрікпен есектің миын жеді ғой деп пе ең. Ә.Кек. * Есектің миын жеген біреу болмаса, есі бар кісі мұздатқан ұрықпен қой қашыра ма?! Қ.Жұм.* О, есектің миын жеген доңыз!- деді қонышынан қамшысын суырып.- Тұрған жеріңде жоныңнан таспа тіліп, кереге бау жасайын ба! О, миғұла, енді кеп!.. Д.Исаб. * Номерге келген соң әкемнен: “Қалай, ұнады ма?”-десем: “Есектің миын жепсіңдер!”- деп қолын бір-ақ сілтеді. “Үйдегі кемпірімнен асып бара жатқан түгі жоқ. Д.Исаб.

// Құтырған су іштің бе? //ҚҰТЫРҒАН ҚОЙДЫҢ МЫН ЖЕДІҢ БЕ?